23 Шілде 2014, 11:43
Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі;
2) оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың тізбесі;
3) көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу