Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 ақпандағы №88 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №27-28, 168-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында: 

4-тармақтың бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасы алып тасталсын;

24-тармақтың сегізінші бөлігі алып тасталсын;

26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған өтінішхаттың негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерінде көзделген қаражат шегінде ақша бөлу мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.

27. Мемлекеттік органның өтінішхатына оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерінен ақша бөлу туралы шешімінің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік орган дайындайды.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерінен ақша бөлу туралы шешімінің жобасына осы мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның ақша бөлу туралы оң қорытындысының көшірмесін қоса береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті қаулысымен қаражат бөлінген мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның резервтерінен бөлінген қаражатты тиісті қаулыларда көрсетілген мақсаттарға шұғыл шығындарға пайдалануды және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                                       А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу