Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы

Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлғаны  айқындау туралы

«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға болып айқындалсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі  А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу