Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі №384 Қаулысы

«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы  № 616 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 521-құжат)мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасында:

2-тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«ветеринариялық препараттарды қоспағанда, беру күніне теңгерімдік құны отыз мың және одан көп айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болған кезде – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша;

ветеринариялық препараттарды қоспағанда, беру күніне теңгерімдік құны отыз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болған кезде – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның берілетін мүлік теңгерімінде тұрған республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген шешімі бойынша;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                    К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу