16 Қыркүйек 2019, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1212 және «Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1212 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2017 жылғы 17 қарашадағы № 757 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1212 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 65, 882-құжат);
2) «Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1212 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 757 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 62-63, 371-құжат).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу