Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы №12 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындауға лицензия беру жөніндегі лицензиар мен техникалық реттеу және метрология саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды белгілеу туралы

 

«Рұқсаттамалар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2), 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес техникалық реттеу және метрология саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып белгіленсін.

2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1598 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу