Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №253 Қаулысы

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) «Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

6)«Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарты;

7)«Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарты бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы     № 1294 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74,  1080-құжат);

2) «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 сәуірдегі № 433 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 29, 451-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі          С.Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу