​​​​​​​Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «18» тамыздағы  № 459 қаулысы

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»     2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің               (Салық кодексі) 476-7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының               Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері 24 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленетін маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері алымдарды төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланысты осы қаулыға қосымшаға сәйкес мөлшерлерде белгіленсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бірақ 2017 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі                      К.Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу