Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі №379 Қаулысы

Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық

бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы
Заңының 15-бабына сәйкес     Қазақстан     Республикасының     Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2. «Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 9 тамыздағы № 816 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 48, 671-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                                                           К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу