Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «18» ақпандағы № 80 қаулысы

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы  13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының  10-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының  Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу