Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы №5 Қаулысы

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі  
85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
    1. Демалыс күндері:
    2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге;
    2017 жылғы 1 шілде сенбіден – 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылсын.     2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу