Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 тамыздағы №598 Қаулысы

«Сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ оларға сыйақы    мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

       

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. «Сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ оларға сыйақы мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы   № 1279 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1074-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

         «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесi бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесi».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                           А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу