Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы

Қостанай облысы Қостанай қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) туралы

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабы 5) тармақшасына сәйкес және Қостанай облысы Қостанай қаласының кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қостанай облыстық және қалалық мәслихаттары мақұлдаған Қостанай облысы Қостанай қаласының бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.

2. «Қостанай облысы Қостанай қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 қарашадағы № 1750 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі   А. Мамин

Қосымша 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу