Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 272 қаулысы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Мамин
ҚР Үкіметінің2019 жылғы « 13 » мамырдағы № 272 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
«Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 13 мамырдағы № 456 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 243-құжат).
«Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 969қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 53, 500-құжат).
«Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1081 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 56, 542-құжат).
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 25 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 172-құжат).
_____________________________
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз