Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №91 Қаулысы

Республикалық маңызы бар Тауынсор мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалының аумағын азайту туралы

 

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Республикалық маңызы барТауынсор мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалының аумағы 3350 гектарға азайтылсын.

  2. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы
    10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
    2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесінде:

«Қостанай облысы» деген бөлімде:

реттік нөмірі 67-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

67

Тауынсор мемлекеттiк табиғи (зоологиялық) қаумалы

31650

Қамысты ауданы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі

».

 

 

Қазақстан Республикасының     Премьер-Министрі                                                              С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу