Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «13» қаңтардағы № 12 қаулысы

Опубликовано: Сәрсенбі, 13 Қаңтар 2016

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда
ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын
салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған
көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған
ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 435-құжат) мынадай
өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған
жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды
қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

5-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:

«Тұрғын үй бойынша жобалау компанияларына көрсетілген компаниялар ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына инвестициялау
шарттары бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданылатын мерзіммен кері қайтарылмайтын банк кепілдігін берген,
сондай-ақ «Бәйтерек девелопмент» АҚ-мен қосымша аванстық төлемнің
сомасына жоспарланатын шығыстарды келіскен жағдайда, әрбір компания бойынша инвестициялаудың жалпы сомасының 30%-ынан аспайтын мөлшерде қосымша аванстық төлем берілетін болады.

Банк кепілдігін Standard&Poor’s, Fitch Ratings, Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған, Standard&Poor’s
және Fitch Ratings шәкілі бойынша «B-» төмен емес және
Moody’s Investors Service шәкілі бойынша «B3» төмен емес шетелдік
валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар екінші деңгейдегі банк беруге тиіс, көрсетілген рейтингтер «кері қайтарып алынған» немесе «тоқтатылған» жағдайында болмауға тиіс.

Бірнеше рейтингтік агенттіктердің рейтингі болған жағдайда, ең төмен рейтинг есепке алынады.

СОО бойынша жобалау компаниясына көрсетілген компания
ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына сақтандыру шартын
және жылжымайтын мүлік кепілдіктерін бере отырып, корпоративтік кепілдік ұсынған жағдайда, инвестициялаудың жалпы сомасының 30%-ынан аспайтын мөлшерде қосымша аванстық төлем берілетін болады.

Бұл ретте, ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына сақтандыру шарты сақтандыру шартында көзделген жағдайларда, оның ішінде бөлінген қаражат мақсатсыз пайдаланылған және инвестициялау шарты
бұзылған жағдайларда сақтандыру компаниясының сақтандыру сомасын төлеу бойынша сөзсіз міндеттемесін көздеуге тиіс.

СОО бойынша жобалау компаниясына қосымша аванстық төлем екінші деңгейдегі банктегі эскроу шотта орналастырылады. Эскроу шотта орналастырылған қаражатты пайдалану «Бәйтерек девелопмент» АҚ-мен келісу бойынша жүзеге асырылады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары нормативтік мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ала отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен меншікті қаражаты есебінен
жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлейді.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                            К. Мәсімов


Жаңалықтар тізбегі
08 Сәуір 2020, 19:17
ҚР Президенті Қ. Тоқаев «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Жарлыққа қол қойды
08 Сәуір 2020, 09:42
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланды
07 Сәуір 2020, 15:42
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Сәуір 2020, 15:40
Мемлекет басшысы көлік-логистика орталығына барды
07 Сәуір 2020, 13:12
Жұмыспен қамту және әлеуметтік төлем: төтенше жағдай кезінде мемлекет қандай шаралар қабылдауда
07 Сәуір 2020, 11:10
Қазақстанның ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту барысында 88 мың жұмыс орны құрылады
07 Сәуір 2020, 11:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №173 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 11:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №171 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №166 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №165 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:07
2020 жылы 12 600 отбасыны жалға берілетін тұрғын үймен қамту көзделген — ҚР ИИДМ
07 Сәуір 2020, 09:59
Ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту АӨК-ті дамытуға серпін береді — А. Мамин
07 Сәуір 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 15 млн шаршы метр тұрғын үйдің салынуы мен берілуін қамтамасыз етуді тапсырды
06 Сәуір 2020, 15:30
7 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
06 Сәуір 2020, 10:49
Мемлекет басшысы медицина саласындағы ғылыми орталықтардың қызметкерлерін құттықтады
05 Сәуір 2020, 20:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №55
04 Сәуір 2020, 16:39
Электронды үкімет порталының жұмысы қазір тұрақты - А. Жұмағалиев
04 Сәуір 2020, 15:17
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларға импорттық баж салығы жойылды
03 Сәуір 2020, 13:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №160 Қаулысы
03 Сәуір 2020, 13:17
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, Шымкентте карантин енгізілді
02 Сәуір 2020, 20:40
Растаушы құжаттарды тапсырмай төлемді кейінге шегеру - төтенше жағдай кезінде тұрғындар мен бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?
02 Сәуір 2020, 15:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №153 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №152 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №147 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №126 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №124 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №123 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №122 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:52
Қазақстан Республикасы Үкіметініңі 2020 жылғы 16 наурыздағы №116 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №115 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 11:51
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру 7 мың жобаны қамтиды — ҚР ЕХӘҚМ 
02 Сәуір 2020, 10:42
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыруға жұмсалатын шығындар 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады — ҚР Қаржы министрлігі 
02 Сәуір 2020, 10:20
Үкімет азаматтар мен бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қабылдады
02 Сәуір 2020, 10:13
ШОБ биылғы 1 қазанға дейін салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылады — ҚР ҰЭМ
01 Сәуір 2020, 20:17
Шарттар өзгертілді — қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады 
01 Сәуір 2020, 10:32
2 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
31 Наурыз 2020, 21:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.