Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы №361 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 508-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасының азаматтарына «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат беруден уақытша бас тартылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге кетуі мемлекеттік құпияларға рұқсатты ресімдеу кезінде еңбек шартында (келісімшартта) көзделген мерзімге уақытша шектелуі мүмкін.»;

7-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) сот бекіткен, өндіріп алушымен жасалған бітімгершілік келісім; өндіріп алушымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім; өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге талабының орындалғанын растайтын құжаттар; егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, атқарушылық құжатты беруге негіз болған тиісті орган шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттар.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі    А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу