Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы

Жарияланды: Сейсенбі, 17 Қараша 2020

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын бақылау, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасын бақылау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау саласындағы, сондай-ақ тамақ өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласындағы (бұдан әрі – реттелетін сала) басшылықты, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау саласында салааралық үйлестіруді, стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты,  5-кіреберіс.»;

15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтерді (көмек) көрсету сапасын бақылау;»;

16-тармақта:

орталық аппараттың функцияларында:

4) тармақша алып тасталсын;

5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«5) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

6) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен денсаулық сақтау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасау;

7) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асыру;»;

11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«11) үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, іске асыру мониторингі және бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

12) аурулар мен жай-күйлер профилактикасының, диагностикасының, емдеудің және медициналық оңалтудың, сондай-ақ оларды бақылаудың жаңа әдістерін енгізу;»;

мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: 

«12-1) диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану қағидаларын айқындау;»;

13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«13) медицина және фармацевтика ғылымының, медициналық және фармацевтикалық білім берудің дамуын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру қызметін үйлестіру;

14) интернатура мен резидентурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлау қағидаларын бекіту;»;

16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;»;

17) тармақша алып тасталсын;

18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«18) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру тәртібін, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану тәртібін айқындау;

19) денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды және университеттік аурухана, интеграцияланған академиялық медициналық орталық және клиникалық базалар туралы ережені және оларға қойылатын талаптарды бекіту;»;

21), 22) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«21) денсаулық сақтау жүйесі үшін кәсіби ғылыми-педагогикалық, медицина және фармацевтика кадрларын, қоғамдық денсаулық сақтау мамандарын және өзге де мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

22) ғылыми-медициналық сараптама жүргізу тәртібін айқындау;

23) туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындау;»;

24) тармақша алып тасталсын;

26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«26) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерді жүргізу қағидаларын және медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалаудың клиникаға дейінгі базаларына қойылатын талаптарды айқындау;»;

мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

«26-1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностикаға арналған медициналық бұйымдарға клиникалық-зертханалық сынақтар жүргізу қағидаларын және клиникалық базаларға қойылатын талаптарды бекіту;»;

27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«27) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлерін көтермелеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

28), 29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;

31) және 32) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«31) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келісу;

32) Биоэтика жөніндегі орталық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту;»;

35), 36), 37), 38), 39) және 40) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«35) денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету тәртібін айқындау;

36) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларын бекіту;

37)тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

38) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

39) әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін айқындау;

40) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртібін бекіту;»;

42) және 43) тармақшалар алып тасталсын;

44), 45), 46), 47) және 48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«44) жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

45) амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту;

46) стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту;

47) стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту;

48) жедел медициналық көмек, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту;»;

49) тармақша алып тасталсын;

50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«50) Кодекстің 120-бабында белгіленген түрлерге сәйкес медициналық көмек көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 50-1) тармақшамен толықтырылсын:

«50-1) медициналық оңалтуды көрсету тәртібін әзірлеу және бекіту;»;

51), 52) және 53) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«51) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын әзірлеу, ресімдеу, келісу, бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

52) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау;

53) пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

56) тармақша алып тасталсын;

57), 58), 59) және 60) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«57) медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

58) Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

59) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында инспекциялауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

60) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу қағидаларын және медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалаудың клиникаға дейінгі базаларына қойылатын талаптарды бекіту;»;

63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«63) Қазақстан Республикасында уақытша болатын қандастардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесін және медициналық көмек көлемін айқындау;»;

64) және 65) тармақшалар алып тасталсын;

69), 70), 71), 72) және 73) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«69) қан мен оның компоненттерінің донациясын ақылы негізде орындайтын донорларға төленетін төлемдердің тәртібін, өлшемшарттарын және мөлшерін белгілеу;

70) паллиативтік медициналық көмек көрсету стандартын бекіту;

71) зертханалық диагностика жүргізуді ұйымдастыру стандартын бекіту;

72) патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту;

73) медициналық қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін белгілеу;»;

74) тармақша алып тасталсын;

75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«75) медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;

77), 78), 79), 80), 81), 82), 83) және 84) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«77) орфандық аурулар мен оларды емдеуге арналған дәрілік заттар тізбесін қалыптастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;

78) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын әзірлеу және бекіту;

79) орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесін бекіту;

80) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, жерасты жұмыстарына еңбек шартын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобына жататын адамды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін әзірлеу және бекіту;

81) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға арналған шекті бағалар мен үстеме бағаларды қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

82) Қазақстан Республикасында медициналық бұйымдарға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

83) шетелдік мамандарды кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыру үшін «Назарбаев Университетіне» немесе оның медициналық ұйымдарына, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының медициналық ұйымдарына, сондай-ақ оқыту мақсатында қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен жоғары медициналық колледждерге, аккредиттелген университеттік ауруханалар, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалары және резидентура базасына жіберу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

84) тиісті фармацевтикалық практикалардың стандарттарын әзірлеу және бекіту;»;

86) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«86) ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) қайтыс болғаннан кейін донорлыққа адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету тәртібін айқындау;»;

87) тармақша алып тасталсын;

88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«88) денсаулық сақтау саласындағы нұсқаулықтарды, алгоритмдер мен регламенттерді әзірлеу және бекіту;»;

90) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«90) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

91) тармақша алып тасталсын;

92) және 93) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«92) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеуді жүргізу тәртібін айқындау;

93) денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларын және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын, денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

94) тармақша алып тасталсын;

97) тармақша алып тасталсын;

98), 99) және 100) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«98) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және айқындау;

99) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарын өтеуге арналған резерв мөлшерін әзірлеу;

100) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді әзірлеу және бекіту;»;

105) және 106) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«105) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін әзірлеу және бекіту;

106) жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 106-1) тармақшамен толықтырылсын:

«106-1) мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

107) тармақша алып тасталсын;

108) және 109) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«108) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға шекті бағалар мен үстеме бағаларды қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

109) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

111) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«111) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

114) тармақша алып тасталсын;

119) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«119) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;»;

130) және 131) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«130) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;

131) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік    жөніндегі  уәкілетті органмен бірлесіп тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, реттелетін салада тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелеріне және тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлеу және бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 132-1) тармақшамен толықтырылсын:

«132-1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді (санитариялық қағидаларды және гигиеналық нормативтерді) бекіту»;

137) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«137) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын, өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тағамдық өнімнің жекелеген түрлерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;»;

138) тармақша алып тасталсын;

139) және 140) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«139) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған ықтимал қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;

140) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын және олардың орынбасарларын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, олардың орынбасарларын аттестаттауды жүргізу;»;

141) тармақша алып тасталсын;

143), 144) және 145) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«143) темекі бұйымдарында, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарда, қорқорға арналған темекіде, қорқор қоспасында, темекі қыздыруға арналған жүйелерде, тұтынудың электрондық жүйелерінде және оларға арналған сұйықтықтарда никотин мен шайырлы заттардың болуының жол берілетін шекті деңгейлерін айқындау;

144) инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу мен есептілігі тәртібін айқындау;

145) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган мамандарының инфекциялық және паразиттік аурулар және (немесе) халықтың улану оқиғаларын тергеп-тексеруді жүргізу тәртібін айқындау;»;

мынадай мазмұндағы 152-10), 152-11), 152-12), 152-13), 152-14),
152-15), 152-16), 152-17), 152-18), 152-19), 152-20), 152-21), 152-22), 152-23), 152-24), 152-25), 152-26), 152-27), 152-28), 152-29), 152-30), 152-31), 152-32, 152-33), 152-34), 152-35), 152-36), 152-37), 152-38), 152-39), 152-40), 152-41), 152-42), 152-43), 152-44), 152-45), 152-46), 152-47), 152-48), 152-49), 152-50), 152-51), 152-52), 152-53), 152-54), 152-55), 152-56), 152-57), 152-58), 152-59), 152-60), 152-61), 152-62), 152-63), 152-64), 152-65), 152-66), 152-67), 152-68), 152-69), 152-70), 152-71), 152-72), 152-73), 152-74), 152-75), 152-76), 152-77), 152-78), 152-79), 152-80), 152-81), 152-82), 152-83), 152-84), 152-85), 152-86), 152-87), 152-88), 152-89), 152-90), 152-91), 152-92), 152-93), 152-94), 152-95), 152-96), 152-97), 152-98), 152-99), 152-99) және 152-100) тармақшалармен толықтырылсын:

«152-10) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіру және мониторингтеу;

152-11) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-12) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын келісу;

152-13) иондаушы сәулеленудің әсерімен байланысты аурулардың тізбесін және себептік байланысты анықтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-14) ұлттық денсаулық сақтау шоттарының деректерін қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындау;

152-15) мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін әзірлеу және бекіту;

152-16) созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын, диагностикалық байқау жүргізілетін аурулар тізбесін, байқаудың кезеңділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігін бекіту;

152-17) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нақты пациенттің өмірлік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсетуге қолдану не сирек кездесетін (орфандық) аурулары және (немесе) жай-күйлері бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсетутәртібін айқындау;

152-18) мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету тәртібін айқындау;

152-19) Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты және уақытша тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, босқындарды және пана іздеген адамдарды АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидаларын бекіту;

152-20) қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту;

152-21) тіркелімдерді қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындау;

152-22) ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) транспланттау кезінде тіндердің иммунологиялық үйлесімділігін айқындау қағидаларын және HLA-зертхананың қызметі туралы ережені бекіту;

152-23) медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру тәртібін айқындау;

152-24) биоэтика жөнінде орталық комиссия құру;

152-25) денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу тәртібін және оларды қолдануды айқындау;

152-26) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу тәртібін және медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалаудың клиникалық базаларына қойылатын талаптарды айқындау;

152-27) техникалық сынақтарды жүргізу тәртібін айқындау;

152-28) фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу тәртібін айқындау;

152-29) қолданудың ықтимал тәуекелі дәрежесіне қарай медициналық бұйымдарды сыныптау қағидаларын бекіту;

152-30) фармакологиялық қадағалауды және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу тәртібін айқындау;

152-31) дәрілік препараттардың құрамына кіретін әсер етуші заттарды ескере отырып, оларды рецептісіз және рецепт бойынша босатылатын дәрілік препараттардың санаттарына жатқызу қағидаларын, рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту;

152-32) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту;

152-33) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты, дәрілік заттың жалпы сипаттамасын жасау және ресімдеу тәртібін айқындау;

152-34) темекі бұйымдарын тұтыну мен никотиннің зияны туралы ескертулердің эскиздерін бекіту;

152-35) Кодекстің 230-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген фармацевтикалық қызмет түрлерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;

152-36) бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-37) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды енгізу және іске асыру жөніндегі қызметті салааралық үйлестіру;

152-38) халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар бойынша ұлттық үйлестіруші туралы ережені әзірлеу және бекіту;

152-39) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ілгерілету этикасы тәртібін айқындау;

152-40) дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-41) медициналық қалдықтар жөнінде ақпарат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-42) көрсетілетін қызметтер мен медициналық  көрсетілетін қызметтерді берушілер бойынша шығыстар сипатталған талдамалық есепті, сондай-ақ оларды қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қалыптастыру;

152-43) гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттауды қамтамасыз ету мақсатында гемопоэздік дің жасушалары (сүйек кемігі) донорларының тіркелімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін және гемопоэздік дің жасушалары донорын, оның ішінде халықаралық тіркелімдерден іздеу мен жандандыру және гемопоэздік дің жасушаларын реципиентке дейін тасымалдау тәртібін айқындау;

152-44) биомедициналық зерттеулер жүргізу қағидаларын және зерттеу орталықтарына қойылатын талаптарды айқындау;

152-45) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтынатын адамдарды анықтау және оларды  есепке қою тәртiбiн келісу;

152-46) медициналық куәландыру мен медициналық зерттеп-қарауды жүргiзу тәртiбiн айқындау;

152-47) азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналысы саласында рұқсаттар алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін айқындау;

152-48) үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламасын бітірген азаматтарды дербес клиникалық практикаға жіберу үшін клиникалық мамандықтардың тізбесін бекіту;

152-49) автомобильдегі алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту;

152-50) кәмелетке толмағандар, олардың заңды өкілдері арасында санитариялық-эпидемиологиялық білім таратуды, сондай-ақ саламатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру;

152-51) кәмелетке толмағандар арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудың және онымен байланысты құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

152-52) үш жасқа дейінгі адасып қалған, тастанды және заңды өкілдерінің қамқорлығынсыз қалған басқа да балаларды тәулік бойы қабылдауды және күтіп-ұстауды ұйымдастыру;

152-53) кәмелетке толмағандардың, арасындағы құқық бұзушылықтардың, қараусыздықтың және панасыздықтың профилактикасы жүйесінің мемлекеттік органдары мен мекемелеріне сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне консультациялық көмекті ұйымдастыру;

152-54) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мінез-құлқында ауытқуы бар кәмелетке толмағандарға мамандандырылған диагностикалық және емдеу-сауықтыру көмегін көрсетуді ұйымдастыру;

152-55) кәмелетке толмағанның жеке басы туралы деректерді нақтылау және оны оңалту шаралары туралы ұсыныстар дайындау мақсатында әлеуметтік-психологиялық зерттеп-қарауды жүргізу;

152-56) қылмыстық қудалау органына және сотқа кәмелетке толмағанға жүргізілген әлеуметтік-психологиялық зерттеп-қарау туралы есепті (баяндаманы) ұсыну және кәмелетке толмағанды әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу картасын жасау;

152-57) арнайы білім беру ұйымдарына және ұстау режимі ерекше білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар денсаулығының жай-күйі туралы қорытындыларды белгіленген тәртіппен дайындау;

152-58) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар кәмелетке толмағандарды анықтау, есепке қою, зерттеп-қарау және медициналық-әлеуметтік оңалту;

152-59) жыныстық жолмен берілетін аурулардың көздерін анықтау, осындай аурулардан зардап шегетін кәмелетке толмағандарды зерттеп-қарау және емдеу;

152-60) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларға кәмелетке толмағандар арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтардың (ауруларының) таралуы, сондай-ақ осы бапта көрсетілген функцияларды жүзеге асыратын денсаулық сақтау мекемелерінің орналасқан жері, мүмкіндіктері мен қызметінің нәтижелері туралы хабарлау;

152-61) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің тізбесін қалыптастыру;

152-62) биомедициналық зерттеулердің басым бағыттарын айқындау;

152-63) денсаулық сақтауды цифрландыру стратегиясын әзірлеу және бекіту;

152-64) ақылы медициналық қызметтер (көмек) көрсету жөніндегі шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

152-65) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көлемдерін жоспарлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-66) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқықтар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-67) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-68) жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-69) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-70) инфекциялық, паразиттік аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту;

152-71) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-72) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-73) шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетілуге тиіс жататын халықтың жекелеген санаттарының тізбесін әзірлеу және бекіту;

152-74) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану тәртібін әзірлеу;

152-75) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлеу;

152-76) жыл сайын әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының проценттік мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсыныс әзірлеу;

152-77) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін әзірлеу;

152-78) бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

152-79) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асыру;

152-80) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыру;

152-81) Қазақстан Республикасының фармацевтикалық инспекторатын қалыптастыру, фармацевтикалық инспекторларының тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-82) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға, сондай-ақ медициналық бұйымдарға бағаларды реттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-83) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында инспекциялауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-84) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-85) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-86) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

152-87) дене жаттығуларын жүргізудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;

152-88) темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды өндірушілердің, импорттаушылардың темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың барлық маркаларында никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну тәртібін бекіту;

152-89) тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;

152-90) патологиялық анатомия қызметін және сот-медициналық сараптаманы жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында көру ағзаларын мәйіттерден алу және консервациялау тәртібін сот-сараптамалық қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;

152-91) ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, консервациялау, сақтау,тасымалдау және ауыстырып салу тәртібі мен шарттарын айқындау;

152-92) денсаулық сақтау саласындағы білім деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту;

152-93) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мәртебесін беру және қайта қарау тәртібін, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің тиімділігіне бағалау жүргізу тәртібін айқындау;

152-94) қайтыс болған адамның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің талап етуі бойынша патологиялық-анатомиялық ашып-қарауды тәуелсіз сарапшының (сарапшылардың) жүргізуі тәртібін айқындау;

152-95) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу тәртібін және медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалаудың клиникаға дейінгі базаларына қойылатын талаптарды әзірлеу;

152-96) техникалық сынауларды жүргізуге аккредиттелген ұйымдарда медициналық бұйымдарды техникалық сынау тәртібін айқындау;

152-97) қолданылуының ықтимал тәуекеліне қарай медициналық бұйымдар сапасының менеджменті жүйесін енгізуге, қолдауға және бағалауға қойылатын талаптарға сәйкес медициналық бұйымдарға инспекциялар жүргізу тәртібін айқындау;

152-98) денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын есепке алу (кәсіптік тіркелімді жүргізу) тәртібін айқындау;

152-99) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ар-намыс кодексін әзірлеу және бекіту;

152-100) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тізбесін және медициналық көмек көлемін әзірлеу және бекіту.»;

ведомстволардың функцияларында:

5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«5) адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді лицензиялауды жүзеге асыру;

6) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруді жүзеге асыру;»;

8), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алуды жүзеге асыру, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;

9) дәрілік заттың, медициналық бұйымның тіркеу куәлігінің қолданысын тоқтата тұру арқылы дәрілік затты, медициналық бұйымды медициналық қолдануды тоқтата тұру, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясын (партиясын) медициналық қолдануға тыйым салу туралы және айналыстан алып қою немесе медициналық қолдануды тоқтата тұру туралы шешімдер қабылдау;

10) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттануы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингтеуді және нәтижелерін бағалауды жүргізу;»;

11) тармақша алып тасталсын;

12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«12) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын және олардың орынбасарларын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, олардың орынбасарларын аттестаттауды жүргізу;

13) аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сыртқы кешенді бағалау негізінде медициналық ұйымдарды аккредиттеу;»;

14), 15) және 16) тармақшалар алып тасталсын;

17, 18), 19) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«17) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне, оның ішінде денсаулық сақтау стандарттарының сақтауына, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру және ресімдеу тәртібі мен шарттарын сақтауына, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, рұқсат беру бақылауын, тоқтата тұру, қайта жаңарту медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың қолданылуын тоқтату;

18) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың, сондай-ақ оларды бақылаудың жаңа әдістерін енгізу;

19) дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

20) әлемнің жетекші фармакопеяларының талаптарын Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп тану;»;

21) тармақша алып тасталсын;

23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«23) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;»;

24) тармақша алып тасталсын;

25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«25) Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды әкелуді (әкетуді) келісу;»;

27), 28), 29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;

38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«38) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;»;

46) және 47) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«46) үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және оны бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

47) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде немесе Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет түрлері мен халықтың өмірі үшін ерекше жағдайлар жасалған өткізу пункттерінде санитариялық-эпидемияға қарсы (санитариялық-профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;»;

49) тармақша алып тасталсын;

50), 51) және 52) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«50) санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізудің тәртібі мен еселігін айқындау;

51) инфекциялық және паразиттік ауруларға, инфекциялық ауруларды қоздырғыштардың микробқа қарсы препараттарға төзімділігіне, халыққа профилактикалық екпелер жүргізуге эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;

52) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;»;

53) тармақша алып тасталсын;

72) тармақша алып тасталсын;

76) тармақша алып тасталсын;

78) және 79) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«78) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілеу және пайда болу және таралу қаупі кезінде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін айқындау;

79) санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеу: жұмыс істейтін объектілер үшін алдын ала (есептелген), белгіленген (түпкілікті) өлшемдер және олардың өлшемдерін өзгерту;»;

мынадай мазмұндағы 88-1), 88-2), 88-3), 88-4) және 88-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«88-1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

88-2) денсаулық сақтау мамандарын сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулардың тізбесін айқындау;

88-3) санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулердің тізбесін және көлемдерін (санын) белгілеу;

88-4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мектеп жасындағы балалардың стационар жағдайларында мамандандырылған медициналық көмек, медициналық оңалту, сондай-ақ паллиативтік медициналық көмек алу тәртібін айқындау;

88-5) иммундаудан кейінгі жағымсыз көріністерді тіркеу және тергеу тәртібін белгілеу.»;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

«4. Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 3, 4, 5 және 6-жолдар алып тасталсын;

реттік нөмірі 8-жол алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі    А. Мамин

 


Жаңалықтар тізбегі
30 Қараша 2020, 10:51
2 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Қараша 2020, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №785 Қаулысы
30 Қараша 2020, 10:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 қарашадағы №775 Қаулысы
30 Қараша 2020, 09:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №768 Қаулысы
29 Қараша 2020, 09:57
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №88
27 Қараша 2020, 10:12
Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты
26 Қараша 2020, 18:51
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды
26 Қараша 2020, 18:47
Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
26 Қараша 2020, 18:41
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті
26 Қараша 2020, 18:38
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.