Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қарашадағы №752 Қаулысы

«Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы №511 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілгенбазалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 7, 42-1, 48, 49 және 69-1-жолдар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 69-3-жолмен толықтырылсын:

«

69-3.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті»коммерциялық емес акционерлік қоғамы

»;

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлімде:

реттік нөмірі 71-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

71

«Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агро орман мелиорация ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

                                                                                                                       »;

реттік нөмірі 78-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

78.

«Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

»;

реттік нөмірі 80-жол алып тасталсын;

реттік нөмірлері 83, 84, 85 және 86-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

83.

«Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

84.

«Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

85.

«Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

86.

«Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

                                                                                                                       »;

реттік нөмірі 88-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

88.

«Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

                                                                                                                       »;

реттік нөмірлері90 және 91-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

90.

«Павлодар ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

91.

«Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

                                                                                                                       »;

реттік нөмірі 92-жол алып тасталсын;

реттік нөмірі 95-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

95.

«А.Ф. Христенко атындағы Қарағанды ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

»;

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 102-1 және 102-2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

101-1.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

101-2.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің«Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

                                     »;

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде:

реттік нөмірлері123,129, 136 және 143-жолдар алып тасталсын.

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі» деген бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 183-1-жолмен толықтырылсын:

«

183-1

«Қазақстан инжиниринг» Research & Development орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

                                                                                                                     »;

реттік нөмірлері185, 186 және 188-жолдар алып тасталсын;

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті» деген кіші бөлім алынып тасталсын;

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінiң Автомобиль жолдары комитетi»;

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті»; 

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті» деген кіші бөлім алынып тасталсын;

«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 195 және 196-жолдар алып тасталсын;

«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі» деген бөлімде:

реттік нөмірі 203-жол алып тасталсын;

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі» деген бөліммен толықтырылсын;

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі» деген бөлім:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 208-жолмен толықтырылсын:

«

208.

«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы

».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу