Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы №53 Қаулысы

«Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 қаулысының және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 274 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.   Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

  1. «Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж.,  № 48, 648-құжат);

2)   «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасын Үкіметінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 274 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 356-құжат).

2.   Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                Б. Сағынтаев

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу