Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы

Жарияланды: Жұма, 16 Қазан 2020

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 500-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларында:

28-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) ғылыми жетекшіге және зерттеу тобына қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ гранттық қаржыландыру жобаларының нәтижелілігін қамтамасыз етуге ықпал ететін өзге де біліктілік талаптары;»;

38-тармақта:

екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпаздары шарт жасалғаннан кейін уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді ұсынады.

Басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға, материалдар сатып алуға, жабдықты және (немесе) бағдарламалық қамтылымды сатып алуға, ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеуге, жалға алу шығыстарына, жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстарына арналған
шығындар бойынша бюджеттік өтінімнің құрамында өнім беруші осы өнімге эксклюзивті не авторлық құқығы бар, сондай-ақ тауарларды өткізетін және тиісті жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жалғыз тұлға болып табылатын табиғи монополия субъектісі болып табылатын шығыстарды қоспағанда, үш баға ұсынысы немесе прайс парақтар ұсынылады.»;

үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Бюджетті атқару барысында конкурстың қорытындылары бойынша пайда болған гранттық қаржыландыру қаражатын үнемдеуді бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері ЖҒТК бекіткен көлемдер шеңберінде басқа конкурстарға бөле алады. Қаражат ҰҒК шешімі негізінде сараланған тізімде шекті сызықтан төмен орналасқан, гранттық қаржыландыруға арналған өтінімдер арасында бөлінеді.»;

39-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:

«Қаражат үнемделген жағдайда жоба жетекшісі шығындардың бір бабы шеңберінде қаражатты қайта бөледі немесе күнтізбелік жылға бекітілген жалпы көлем шеңберінде шығындардың әртүрлі баптары арасында қаражатты қайта бөледі. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге қызметтік іссапарларға және ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеуге жобаны мақұлдау кезінде ҰҒК бекіткен қаржыландыруды ұлғайтуға жол берілмейді.

Ғылыми жетекші гранттық қаржыландыру бойынша өтінімде және шартта көрсетілген мақсатты, міндеттерді және күтілетін түпкілікті нәтижелерді өзгертпей зерттеулер әдіснамасына түзетулер енгізеді.»;

40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«40. Орындаушылар іске асырылуы келесі күнтізбелік жылға ауысатын, 12 (он екі) ай мерзімге, сондай-ақ 2 (екі), 3 (үш) жылға жасалған шарттар бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есептерді уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға ағымдағы есепті жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.

Орындаушылар уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерді ағымдағы есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.»;

46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«46. Нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге жіберу және кейіннен ұлттық ғылыми кеңестің, Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның конкурстан тыс рәсімдер арқылы қарауы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің және (немесе) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы негіз болып табылады.»;

56-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) ғылыми жетекшіге және зерттеу тобына қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ бағдарламалардың нәтижелілігін арттыруға ықпал ететін басқа да біліктілік талаптары;»;

69-тармақта:

үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпаздары шарт жасалғаннан кейін уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді ұсынады.

Басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға, материалдар сатып алуға, жабдықты және (немесе) бағдарламалық қамтылымды сатып алуға, ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеуге, жалға алу шығыстарына, жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстарына арналған шығындар бойынша бюджеттік өтінімнің құрамында өнім беруші осы өнімге эксклюзивті не авторлық құқығы бар, сондай-ақ тауарларды өткізетін және тиісті жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жалғыз тұлға болып табылатын табиғи монополия субъектісі болып табылатын шығыстарды қоспағанда, үш баға ұсынысы немесе прайс парақтар ұсынылады.»;

бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«Қаражат үнемделген жағдайда бағдарлама жетекшісі шығындардың бір бабы шеңберінде қаражатты қайта бөледі не күнтізбелік жылға бекітілген жалпы көлем шеңберінде шығындардың әртүрлі баптары арасында қаражатты қайта бөледі. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге қызметтік іссапарларға және ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеуге жобаны мақұлдау кезінде ҰҒК бекіткен қаржыландыруды ұлғайтуға жол берілмейді.

Ғылыми жетекші бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша өтінімде және шартта көрсетілген мақсатты, міндеттерді және күтілетін түпкілікті нәтижелерді өзгертпей зерттеулер әдіснамасына түзетулер енгізеді.»;

көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:

ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінімде:

«Аннотация» деген 1-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Аннотация

Аннотацияда жоба мақсатының, зерттеу бағытталған проблемалардың, зерттеу жүргізудің негізгі тәсілдерінің, күтілетін нәтижелердің, зерттеу нәтижелерінің ғылыми ұйымдардың және олардың ұжымының, ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігіне әсер ету деңгейінің, зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығының, яғни олардың коммерцияландыруға немесе Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті міндеттерін шешу үшін өзге ретте қолданылуға дайындығы деңгейінің қысқаша сипаттамасы қамтылады.

Аннотация көлемі 600 сөзден аспауға тиіс.»;

«Түсіндірме жазба» деген 2-бөліктің «Сұралатын қаржыландырудың негіздемесі» деген 7-бөлімінің 1-тармағындағы екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекке ақы төлеу» бабында 3-кестеге сәйкес постдокторанттарды, докторанттарды, магистранттарды, сондай-ақ қаржылық-экономикалық және заңдық сүйемелдеуді жүзеге асыратын адамдарды қоса алғанда, жобаның зерттеу тобының мүшелеріне еңбегі үшін сыйақы ретінде төлеуге жататын шығыстар жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарнасы ескеріле отырып көрсетіледі. Есеп-қисапта өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерден басқа, демалыс төлемдері де ескеріледі.

«Басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар» бабында 6-кестеге сәйкес орындаушының кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алатын, нәтижесі жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті көрсетілетін қызметтерге,
оның ішінде ұжымдық ғылыми зертханалар мен басқа да зертханалардың көрсетілетін қызметтеріне, бірлесіп орындаушы ұйымдардың
көрсетілетін қызметтеріне, конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға және басқаларға қатысу үшін ұйымдастырушылық жарналарға
(сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде
1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі) арналған шығыстар көрсетіледі. Егер жобаны іске асыруға қатысатын шетелдік ғалымдар зерттеу тобының мүшелері болса, олардың қатысу шығыстары «Еңбекке ақы төлеу» бөлімінде көрсетіледі.

«Материалдар сатып алу» бабында 7-кестеге сәйкес жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті барлық шығындар, оның ішінде химиялық реактивтерге, еріткіштерге, стандартты үлгілерге, тұтынылатын
зертханалық материалдарға, ғылыми-зерттеу жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерге, жанар-жағармай материалдарына және басқаларға арналған шығындар көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі).

«Жабдықты және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу» бабында 8-кестеге сәйкес жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті, жабдықтар мен бағдарламалық қамтылымды сатып алу шығыстары көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі).

«Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу» бабында 9-кестеге сәйкес жобаның нәтижесінде алынған ғылыми нәтижелерді патенттеу, зерттеу нәтижелерін жариялау, талдамалық материалдарды сатып алу шығыстары қамтылады (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі).

«Жалға алу шығыстары» бабында 10 және 11-кестелерге сәйкес өтініш берушінің тиісті үй-жайы болмаған кезде жобаның мақсатына қол жеткізу
үшін қажетті, үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алу шығыстары көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса
беріледі).

«Жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары» бабында 12-кестеге сәйкес жобаны іске асыруға байланысты коммуналдық қызметтер шығыстары, сондай-ақ зерттеу жүргізуге тікелей қатысатын үй-жайларға, жабдықтар мен техникаларға қызмет көрсету шығыстары көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі).»;

«Сұратылатын қаржыландырудың есеп-қисабы» деген 3-бөліктің «Еңбекке ақы төлеу» деген 3-кестесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға өтінімде:

«Аннотация» деген 1-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Аннотация

Аннотацияда бағдарлама мақсатының, зерттеу бағытталған проблемалардың, зерттеу жүргізудің негізгі тәсілдерінің, күтілетін нәтижелердің, мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көрсетілген Қазақстан Республикасы ауқымындағы әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары үшін зерттеу нәтижесінде шешілетін міндеттер өзектілігінің, зерттеу нәтижелерінің экономиканың тиісті саласына, қоғамдық қатынастар және (немесе) ғылым саласына әсер ету деңгейінің, практикалық маңыздылығының, яғни олардың коммерцияландыруға немесе Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті міндеттерін шешу үшін өзге ретте қолданылуға дайындығы деңгейінің қысқаша сипаттамасы қамтылады.

Аннотация көлемі 800 сөзден аспауға тиіс.»;

«Түсіндірме жазба» деген 2-бөліктің «Сұралатын қаржыландырудың негіздемесі» деген 7-бөлімінің 1-тармағындағы екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Еңбекке ақы төлеу» бабында 3-кестеге сәйкес постдокторанттарды, докторанттарды, магистранттарды, сондай-ақ қаржылық-экономикалық және заңдық сүйемелдеуді жүзеге асыратын адамдарды қоса алғанда, бағдарламаның зерттеу тобының мүшелеріне еңбегі үшін сыйақы ретінде төлеуге жататын шығыстар жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарнасы ескеріле отырып көрсетіледі. Есеп-қисапта өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерден басқа, демалыс төлемдері де ескеріледі.

«Басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар» бабында 6-кестеге сәйкес орындаушының кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алатын, нәтижесі бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде ұжымдық ғылыми зертханалар мен басқа да зертханалардың көрсетілетін қызметтеріне, бірлесіп орындаушы ұйымдардың көрсетілетін қызметтеріне, конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға және басқаларға қатысу үшін ұйымдастырушылық жарналарға (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі) арналған шығыстар көрсетіледі. Егер бағдарламаны іске асыруға қатысатын шетелдік ғалымдар зерттеу тобының мүшелері болса, олардың қатысу шығыстары «Еңбекке ақы төлеу» бөлімінде көрсетіледі.

«Материалдар сатып алу» бабында 7-кестеге сәйкес бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті барлық шығындар, оның ішінде химиялық реактивтерге, еріткіштерге, стандартты үлгілерге, тұтынылатын зертханалық материалдарға, ғылыми-зерттеу жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерге, жанар-жағармай материалдарына және басқаларға арналған шығындар көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі).

«Жабдықты және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу» бабында 8-кестеге сәйкес бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті, жабдықтар мен бағдарламалық қамтылымды сатып алу шығыстары көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі).

«Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу» бабында 9-кестеге сәйкес бағдарламаның нәтижесінде алынған ғылыми нәтижелерді патенттеу, зерттеу нәтижелерін жариялау, талдамалық материалдарды сатып алу шығыстары қамтылады (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі).

«Жалға алу шығыстары» бабында 10 және 11-кестелерге сәйкес өтініш берушінің тиісті үй-жайы болмаған кезде бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті, үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алу шығыстары көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі).

«Жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары» бабында 12-кестеге сәйкес бағдарламаны іске асыруға байланысты коммуналдық көрсетілетін қызметтер шығыстары, сондай-ақ зерттеу жүргізуге
тікелей қатысатын үй-жайларға, жабдықтар мен техникаға қызмет көрсету шығыстары көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парақтар қоса беріледі).».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                А. Мамин

 

Қосымша


Жаңалықтар тізбегі
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 17:02
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Қазан 2020, 13:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 13.10.2020
13 Қазан 2020, 13:14
Болжамды нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және СOVID-19 бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды — Ә. Смайылов
13 Қазан 2020, 13:01
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ға өсті — Б. Атамқұлов
13 Қазан 2020, 11:35
Мемлекеттік бюджет шығыстары 99,5%-ға атқарылды — Қаржы министрлігі
13 Қазан 2020, 11:13
Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін іске қосты
13 Қазан 2020, 10:22
Биыл 9 айда Қазақстанда денсаулық сақтауға салынған инвестиция 85,7%-ға артты — ҚР ҰЭМ
13 Қазан 2020, 09:49
Биылғы қыркүйекте нақты сектордың өсуімен қатар қызмет көрсету саласында белсенділік қалпына келе бастады — А. Мамин
12 Қазан 2020, 17:03
Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу — Ю. Ильин ТЖМ жұмысы туралы айтып берді
12 Қазан 2020, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №648 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №647 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №643 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:34
А. Маминнің Әбу-Даби қаласына сапары: ҚР мен БАӘ $6,1 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға келісті 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.