Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 06 маусымдағы № 374 Қаулысы

«Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 1087 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерін қоса алғанда)»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облыстық және қалалық мәслихаттары мақұлдаған Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қызылорда облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                            А. Мамин

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу