Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 06 сәуірдегі № 175 қаулысы

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы

2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 70-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                     Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу