Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 05 шілдедегі №771 Қаулысы

Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті беру қағидалары және мерзімдері, сондай-ақ қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есептің нысандарын бекіту туралы

 

«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаларды жіберу қағидалары және мерзімдері;

2) Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу қағидалары және мерзімдері;

3) Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті беру қағидалары және мерзімдері;

4) қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаның нысаны;

5) әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны;

6) Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есептің нысаны бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу