Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы №786 Қаулысы

«Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің («АСТАНА-1» АЖ) интеграцияланған кедендік құрауыштарын жаңғыртуды және техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қарашадағы №830 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің («АСТАНА-1» АЖ) интеграцияланған кедендік құрауыштарын жаңғыртуды және техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қарашадағы №830 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және қоса алғанда 2023 жылғы 11 қарашаға дейін қолданыста болады.».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу