Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 наурыздағы №122 Қаулысы

«Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №1209 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №1209 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 642-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:

«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты» деген бөлімде:

«Жетінші бөліністер және «Р» бөліністері» деген кіші бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жедел қызмет департаменті»;

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Облыс, қала бойынша департамент, басқарма (бөлім):».

2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі   А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу