Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 04 ақпандағы №47 Қаулысы

«Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1467 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды
бекіту кезінде шығындары ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1467 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 6, 124-құжат)мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті
деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу қағидаларында:

5-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) газ тапшылығы болған кезде оның импортын жүзеге асыратын ұйымдардан газ сатып алу;»;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын
сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауар өндірушілерден тікелей сатып алуды жүзеге асырады.».2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

           

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу