Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 03 шілдедегі №470 Қаулысы

Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы 


«Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 
5-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1.    Қоса беріліп отырған:
1)    Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімі;
2)    Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте;
3)    Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімі бекітілсін.
    2.    Осы қаулы 2019 жылғы 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. 

Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі                                                                                             А. Мамин

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу