Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 03 сәуірдегі № 162 қаулысы

Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының  4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық  және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның 2014 жылғы 23 сәуірдегі, 2014 жылғы 4 қыркүйектегі, 2015 жылғы 10 желтоқсандағы қорытындылары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Оңтүстік Қазақстан облысының мына мәдениет және білім беру ұйымдарына:
  2. 1) Сайрам ауданы білім бөлімінің «№ 97 жалпы орта мектебі»    коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Сұраншы батырдың есімі;

2) Сарыағаш қаласының «№ 141 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Толыбай батырдың есімі;

3) Шымкент қаласы білім бөлімінің «№ 87 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Абдраш Назарбековтің есімі;

4) Түркістан қаласы білім бөлімінің «№ 20 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Расул Исетовтің есімі;

5) Мақтаарал ауданы білім бөлімінің «№ 121 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Нәзір Төреқұловтың есімі;

6) Жетісай қаласының «№ 122 жалпы орта мектебі» мемлекеттік    мекемесіне – Дінмұхамед Қонаевтың есімі;

7) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Жоғарғы жаңа технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына – Манап Өтебаевтың есімі;

8) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Түркістан қаласының сазды-драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына – Райымбек Сейтметовтің есімі;

9) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Облыстық  ғылыми-әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне –    «Отырар» атауы берілсін.

2. Мынадай білім беру мекемелері:

1) Сайрам ауданы білім бөлімінің «№ 77 Хамза атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сайрам ауданы білім бөлімінің «№ 77 Тұран жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

2) Сайрам ауданы білім бөлімінің «№ 61 Г. Титов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сайрам ауданы білім бөлімінің «Сүйерхан Базарбаев атындағы № 61 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

3) Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Алғабас» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

4) Отырар ауданы білім бөлімінің «Қарақоңыр шағын жинақты бастауыш мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Отырар ауданы білім бөлімінің «Әжімұқан Қасымбеков атындағы шағын жинақты бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

5) Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Құралай» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Байырбек Садықов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

6) Төлеби ауданы білім бөлімінің «Қарақия шағын жинақты бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Төлеби ауданы білім бөлімінің «Лашкар Тәжібаев атындағы шағын жинақты бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

7) Сарыағаш ауданы білім бөлімінің «№ 91 М. Горький атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сарыағаш ауданы білім бөлімінің «Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 91 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                    Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу