Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №636 Қаулысы

Жарияланды: Бейсенбі, 08 Қазан 2020

«Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №125 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1. «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 16, 67-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы»;

кіріспе және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы
23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында:

тақырыпмынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар»;

1және 2-тармақтармынадайредакцияда жазылсын:

«1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 34-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және осы Қағидаларда көзделген білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша даярлау, қосымша білім беру бағдарламалары бойынша қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды айқындайды.

2.Мемлекеттік қызметшілерді даярлау мемлекеттік органның жолдамасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (бұдан әрі – Мемлекеттік басқару академиясы) және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында (бұдан әрі – Сот төрелігі академиясы) жүзеге асырылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқу мерзімі және оқуға түсу тәртібі білім беру ұйымдары бекіткен оқуға қабылдау қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

Мемлекеттік қызметшілержоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға құқылы.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқуға арналған конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру сәтінде оқу және кейіннен жұмыспен өтеу жиынтық мерзімі заңнамада белгіленген зейнеткерлік жастан аспайтын, сондай-ақ мемлекеттік органда тұрақты штаттық лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшілер жіберіледі.

Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға жіберген жағдайда, оған жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және оның жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органның жолдамасы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуды аяқтауға, оның ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тиісті бағдарламасы бойынша дәреже алуға міндеттеме алады.

Оқуды сәтті аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламасын толық меңгергенін растайтын құжат беріледі.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік басқару академиясында «Б» корпусының«А», «В» санаттары тобындағы, С-1, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-1, С-О-2, D-1, D-2, D-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы), D-O-1, Е-1 санаттарындағы,  сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан жергілікті атқарушы органдардың, орталық атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері қайта даярлаудан өтеді.

Мемлекеттік басқару академиясының филиалдарында D-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысын қоспағанда), D-4, D-5,С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-О-6, C-R-1,
C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-O-2, D-O-3, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-2, E-3, E-4,
E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1,E-G-2, E-G-3, E-G-4санаттарының мемлекеттік қызметшілері қайта даярлаудан өтеді.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1.Саяси қызметшілер үшін «Жаңа формацияның басшысы» бағдарламасы және басшы лауазымдарға тағайындалған кезде арнайы қайта даярлау курстары бойынша оқыту Мемлекеттік басқару академиясында және дербес білім беру ұйымдарында жүргізіледі. «Жаңа формацияның басшысы» бағдарламасын Мемлекеттік басқару академиясы дербес білім беру ұйымымен бірлесіп әзірлейді.

Арнайы қайта даярлау курстарына Мемлекеттік басқару академиясы дербес білім беру ұйымымен бірлесіп «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын мемлекеттік қызметшілердің өзге де санаттары үшін әзірлеген арнайы оқу бағдарламалары мен оқыту әдістері кіреді.»;

6 және 7-тармақтармынадай редакцияда жазылсын:

«6. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер қайта даярлаудан күндізгі, онлайн (интернеттен қосылу, вебинарлар арқылы нақты уақыт режимінде), қашықтан және/немесе біріктірілген (күндізгі-қашықтан) нысанда өтеді.

Бұрын құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқарған адамдар, сондай-ақ әскери қызметте болудың шекті жасына жеткеннен кейін қызметтен шығарылған әскери қызметшілер қайта даярлаудан босатылады.

7. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер қайта даярлаудан күндізгі  және/немесе онлайн (интернеттен қосылу, вебинарлар арқылынақты уақыт режимінде) нысанда өтеді.

Алдыңғы қызмет салаларында квазимемлекеттік секторларда және/немесе азаматтық, әскери және құқық қорғау қызметінде басшы лауазымдарда кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар адамдар қайта даярлаудан босатылады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Мемлекеттік саяси қызметшілердің біліктілігін арттыру Мемлекеттік басқару академиясында және дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыруы – Мемлекеттік басқару академиясында, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында жүзеге асырылады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мемлекеттік орган қызметінің бейінінесәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы мүмкін.»;

мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

«11-1. Персоналды басқару қызметі мемлекеттік орган қызметінің бейініне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары білім беру қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшілерді кәсіптік даярлаудың тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында «Б» корпусы әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына кадрлық, оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1) біліктілікті арттыру бойынша сабақтарды ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы немесе магистрі академиялық дәрежесі бар және кәсіптік қызметте практикалық тәжірибесі бар және/немесе семинар тақырыбына сәйкес келетін салада кемінде соңғы 3 жыл тренингтер өткізіп жүрген адамдардың өткізуі;

2) біліктілікті арттыру бойынша сабақтардыңдәріскерлердің кемінде 40 % ұйымның штаттық қызметкерлері қатарынан тарта отырып жүргізілуі;

3) біліктілікті арттыру семинарларының оқу бағдарламалары мазмұнының тапсырыс беруші мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігіне, сондай-ақ Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа техникалық ерекшелікте айқындалған талаптарға сәйкес келуі;

4) меншік құқығында не жалдау шарттары бойынша тыңдаушылар контингентінің көлеміне, санитариялық-техникалық нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін аудиториялық қордың болуы;

5) меншік құқығында біліктілікті арттыру семинарлары бағдарламаларының тыңдаушылары контингентінің көлеміне сәйкес келетін интернет желісіне қолжетімділікпен қатар, кітапхана қорының, компьютерлік және интерактивті жабдықтардың болуы.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары білім беру қызметтерін көрсету кезінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесін басшылыққа алады.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардың тізбесін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жанындағы үйлестіру кеңесі айқындайды.»;

13-тармақ алып тасталсын;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Мемлекеттік басқару академиясында «Б» корпусының «А», «В» санаттары топтарындағы, C-1, C-2, C-3, C-4, C-5, C-О-1, C-О-2, D-1, D-2, D-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы), D-О-1, D-О-2, Е-1 санаттарындағы,
сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан жергілікті атқарушы органдардың, орталық атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттырудан өтеді.

Мемлекеттік басқару академиясының филиалдарында «Б» корпусының D-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысын қоспағанда), D-4, D-5, C-О-3, C-О-4, C-О-5, C-О-6, С-R-1, С-R-2, С-R-3, С-R-4, С-R-5, D-О-3, D-4, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-2, Е-3, Е-4, Е-5, Е-R-1, Е-R-2, Е-R-3, Е-R-4, Е-R-5, Е-G-1, Е-G-2, Е-G-3, Е-G-4 санаттарындағы мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттырудан өтеді. Осы санаттағы қызметшілер мемлекеттік орган қызметінің бейіні бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында біліктілігін арттырудан өте алады.

Сот жүйесінің қызметкерлері Сот төрелігі академиясында да біліктілікті арттырудан өте алады.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24.Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік қызметші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл еңбек қызметін жүзеге асырады, бұл ретте ол тікелей оқуды аяқтағаннан кейін кемінде бір жыл өзін оқуға жіберген мемлекеттік органда еңбек қызметін жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік демалыста болған кезеңі, оның жүктілігі және босануы бойынша немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыста болуын қоспағанда, жұмыспен өтеу мерзіміне есептелмейді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған соң өзін оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш ай еңбек қызметін жүзеге асырған мемлекеттік қызметші конкурстың қорытындысы бойынша басқа мемлекеттік органда жоғары тұрған лауазымға орналасқан жағдайда, оның ішінде ауыстыру  және/немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия шешімі бойынша Президенттік жастар кадр резервіне өту тәртібімен
осы мемлекеттік органда жұмыспен өтеуін жалғастыра алады.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Мемлекеттік қызметшіні оқуға жіберген мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған жағдайда жұмыспен өтеу Заңның 56-бабының 6-10 тармақтарын ескере отырып, қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органда жүзеге асырылады.»;

30-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді орындамау мемлекеттік қызметшінің өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды мемлекетке өтеуіне әкеп соғады.»;

мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

«30-1. Мемлекеттік қызметші міндеттемелерді орындамаған жағдайда Мемлекеттік басқару академиясы, Сот төрелігі академиясы оның оқуына бөлінген қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріп алу бойынша шаралар қабылдайды.»;

31-тармақмынадай редакцияда жазылсын:

«31. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды өткізуге арналған шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жоспарлайды.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  А. Мамин


Жаңалықтар тізбегі
28 Қазан 2020, 12:00
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
28 Қазан 2020, 11:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №698 Қаулысы
28 Қазан 2020, 10:54
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов өңірдің COVID-19 туындауы мүмкін екінші толқынына дайындығымен танысты
27 Қазан 2020, 21:40
Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары шейх Мансур бен Заид әл Нахаянмен кездесті
27 Қазан 2020, 20:21
Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен ұшып келу: ПТР-анықтаманың болуына қатысты қандай шектеу шаралары туралы білу керек
27 Қазан 2020, 18:48
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдады
27 Қазан 2020, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 27.10.2020
27 Қазан 2020, 13:36
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында шектес салаларда 100 мыңға жуық жұмыс орны құрылады — ЕХӘҚМ
27 Қазан 2020, 12:36
2025 жылға дейін 87 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтылады — ЭГТРМ
27 Қазан 2020, 12:06
Қазақстанда халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамту 92,6%-ға дейін жеткізілді — ҚР ИИДМ
27 Қазан 2020, 10:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қазандағы №691 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 қазандағы №686 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:33
2021 жылы үш жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр — Әділет министрлігі
27 Қазан 2020, 10:28
Азамат Әмірғалиев ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды
27 Қазан 2020, 10:22
Үкімет 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын қарады
27 Қазан 2020, 10:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен АҚШ сауда министрі У. Росс Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің жұмысын бастап берді
27 Қазан 2020, 09:55
Премьер-Министр 2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын жаңартуды тапсырды
27 Қазан 2020, 09:50
Халықты таза ауыз сумен қамту мәселесі – Үкіметтің стратегиялық міндеті
26 Қазан 2020, 20:10
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады
26 Қазан 2020, 19:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
26 Қазан 2020, 19:00
Президент Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады
26 Қазан 2020, 18:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
26 Қазан 2020, 17:14
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркияның қорғаныс министрі Х. Акарды қабылдады
26 Қазан 2020, 16:10
Азық-түлік бағасы, экспорттаушыларды қолдау және электрондық сауда нарығы — Қазақстанның сауда саласының дамуы
26 Қазан 2020, 15:13
27 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қазан 2020, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.