Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №633 Қаулысы

Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы №131 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 6, 62-құжат);

2) «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы№131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 15-16, 76-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу