02 Сәуір 2014, 10:15
«Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 83 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 83 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 251-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларында:
4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қауымдастық құрылтайшыларының:
аңшылық шаруашылығын жүргізу, азаматтарды аңшылық минимумына оқыту бойынша үш жылдан кем емес;
аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша әдістемелік әдебиетті әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы қажет.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі C. Ахметов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу