Б. Сағынтаев қалалар мен ауылдарды интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды 

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылдық елді мекендерді интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету, 5G және дата-орталықтарды дамыту бойынша жобаларды іске асыру барысы қаралды.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев қалалар мен ауылдарды интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету уақыт талабы екенін айтты.

«Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету тек біздің ғана талабымыз емес. Біз артта қалмауымыз керек, қажетті құжаттар қабылданды, барлық шешімдер бар. Бұл уақыт талабы, көптеген мемлекеттердің күн тәртібіне алынған. Тек белсенді жұмыс істеу керек. Негізгі мәселе – өңірлердегі интернет жылдамдығы: байланыс бар, интернет бар, тек жылдамдығы өте төмен. Бұл бизнеске ғана қатысты емес, халықтың қажеттілігі», — деді Премьер-Министр және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп жылдамдықты интернетпен қамту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Орындалуын бақылау ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевке жүктелді. Ол өз кезегінде ауылдық елді мекендерді интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, аталған бағдарлама бойынша барлық мәселелер шешіліп жатыр.

«Жыл соңына дейін интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуді бастау керек. Келесі жылы 5G енгізуді біз пилоттық режимде жүргіземіз. Пилоттық режим аяқталған соң түпкілікті шешім қабылданады. Біз ең озық тәжірибелерді зерделедік, оның ішінде Ұлыбритания, Эстония тәжірибелері бар. Деректерді сақтап, өңдеу үшін деректерді өңдеу орталықтарын дамытатын боламыз. Интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету бағдарламасы қатаң бақылауға алынады», — деді А. Жұмағалиев.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметінше, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының мақсаты ҚР экономикалық дамуының қарқынын тездету және цифрлық технологияларды пайдалану арқылы ел тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Бағдарлама міндеттерінің бірі телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Осыған орай бірқатар жобалар іске асырылуда: ауылдарға интернеттің кеңжолақты қолжетімділігін қамтамасыз ету, 5G және дата-орталықтар.

«ҚР ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасын іске асыру еліміздің 1249 ауылындағы мемлекеттік органдарды және бюджеттік мекемелерді талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясын қолданумен байланыс қызметіне қосуға мүмкіндік береді, байланыс арналарының жалпы өткізгіштік қабілеті кемінде 50 Мбит/сек құрайтын болады.    

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ұялы байланыс стандарттарының жаңа буыны әр 10 жыл сайын әзірленіп отырады. 1981 жылы бірінші стандарт – 1G, 1992 жылы – 2G, 2001 жылы– 3G және 2010 жылдың аяғында – 4G енгізілді. 2020 жылға қарай 5G стандартын енгізу күтілуде.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев 5G ұялы байланысын Қазақстан аумағына енгізу Халықаралық электробайланыс одағының 5G стандартын қабылданғаннан кейін мүмкін болатынын жеткізді. Бұл шешімді 2019 жылы Египетте Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясында қабылдау жоспарланған. Халықаралық электробайланыс одағы 5G стандартын қабылдағаннан кейін ғана телекоммуникациялық жабдықтардың өндірушілері қабылданған стандарт бойынша жұмыс істейтін тиісті құрылғыларды жаппай өндіруді бастайды. 

Өз кезегінде, 2019 жылдың ІІ тоқсанында 5G ұялы байланыс технологиясын пилоттық тестілеуден өткізу жоспарланып отыр.

5G технологиясы 4G мобильді байланыс технологиясымен салыстырғанда, 40 есе артық жылдамдықты ұсынуға (3D форматында бейнефайлды көру және аталған форматта фильмді 6 секундта жүктеп алу үшін бұл жеткілікті ), сигналды ұстауды төмендетуге, сонымен қатар оны нақты уақыт режимінде қашықтықтан операцияларды орындау үшін қолдануға, өнеркәсіптік роботтарды жылдамдатуға, ауыл шаруашылығы техникаларын қашықтықтан басқаруға, егістерге, отарларға мониторинг жүргізуге т.с.с. мүмкіндік береді.

5G ұялы байланысын пилоттық тестілеу үшін жиіліктерді іріктеу жұмыстары Астана, Алматы қалаларында және Ақмола, Алматы облыстарында және Қорғаныс министрлігімен келісіліп жүргізілді. Жуырда 5G мобильді байланыс технологиясын пилоттық тестілеуден өткізу үшін байланыс операторын анықтауы қажет.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін коммерциялық деректерді өңдеу орталықтарында орналастыру үшін Ақпараттандыру объектілерін екі топқа бөлу ұсынылады.

«Қазақтелеком» 2021 жылдың соңына дейін 7 622 927 тұрғыны бар 6212 елді мекенді кең жолақты интернетпен қамтуды көздеп отыр. 

Өз кезегінде, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев компанияның кең жолақты жылдам интернетті әзірлеу және онымен қамту бойынша конкурстық жобаға қатысып жатқанын атап өтті. Қосу аумағында 4,8 млн адамды қамтитын 828 ауылдық елді мекен бар.

«Алдағы үш жылда салынатын талшықты-оптикалық желілердің жалпы көлемі 14,217 шақырым болады. Оларға 2496 мемлекеттік органды қосу жоспарланып отыр, инвестициялардың орташа құны шамамен 50 млрд теңге», — деді Қ. Есекеев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 5G дамыту аясында, қазір «Қазақтелеком» АҚ 5G тестілеуді бастау үшін өндірушілермен жабдықтар мен бағдарламалық қамтуды ұсыну туралы мәселе пысықталып жатыр, сонымен қатар 5G тестілеу жоспары әзірленуде. Нәтижесінде тестілеуді бастау үшін вендорлардың бірінен жабдықты және БҚ ұсыну әзірлігі расталды.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу