Оңтүстік Қазақстан облысы

Облыс Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігінде орналасқан. 1932 жылғы 10 наурызда құрылған. 1962 жылғы 3 мамырдан бастап 1992 жылғы 6 шілдеге дейін Шымкент облысы деп аталды. 1992 жылы облысқа бұрынғы атауы Оңтүстік-Қазақстан облысы қайтарылды. Аумағы 117,3 мың. ш. км. Орталығы – Шымкент қаласы. Шымкенттен Астанаға дейінгі ара қашықтық – 1458 км. Облыста 11 аудан, 4 қалалық әкімдік, 8 қала, 879 ауылдық елді мекен бар. Шымкент қаласында 3 аудан бөлінеді (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші).

Облыс индустриалды-аграрлық болып табылады: ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп 21,2%, ал ауыл шаруашылығы – 9,3% құрайды. Облыстың өнеркәсіп өндірісіндегі меншікті салмағы төмен – 2,8% (12-ші орын). Елдің ауыл шаруашылығының өнімді өндірудегі облыстың үлесі 9,7% (5-ші орын) құрайды. Облыстың өнеркәсіп құрылымындағы өндіру (68,4%) құрайды, тау-кен өнеркәсібі (21,6%) уранды өндірумен сипатталады.

 

Оңтүстік Қазақстан әкімшілігі web-сайты

 

Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

 

 

1958 жылы туған. ҚР мемлекеттік қайраткері, дипломат, Қазақстан Республикасының Түркиядағы және Албаниядағы елшісі, ТМД мүше мемлекеттер мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының бірінші басқарма төрағасы.

Ғылым және білім беру қызметімен айналысқан. Ассистент, аға оқытушы, ҚазМУ доценті болып қызмет атқарған. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бар.

1993 жылдан бастап – ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарған. Бірінші хатшы, бөлім меңгерушісі болған. Кейін Түркиядағы ҚР Елшілігінде қызмет атқарған. Стамбулдағы Қазақстан Республикасының консулдық басшысы болып тағайындалған.

1999 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының басшысы.

2004 жылдан бастап – ҚР Президентінің кеңесшісі – ҚР Президенті Хаттамасының басшысы.

2006 жылдың 1 ақпанынан – Ресей Федерациясындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі.

2007 жылдың 19 қаңтарынан –  ҚР Білім және ғылым министрі.

2010 жылдың 7 қазанынан Түркиядағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған.

2016 жылдың қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту