Солтүстiк Қазақстан облысы

Аймақ Солтүстігінде – Ресейдің Қорған, Түмен және Омск облыстарымен, оңтүстік-шығысында – Павлодар облысымен, оңтүстігінде — Ақмола облысымен, батысында — Қостанай облысымен шектесіп жатыр. Облыстың әкімшілік орталығы — Петропавловск қаласы болып табылады.
Облыстың территориясы 97 993 ш. км.тең және ол Қазақстан территориясының 3,6 % алады. Облыс республиканың солтүстігінде орналасқан. Облыстың аумағы – 98 мың. ш. км.  Облыс орталығы -Петропавловск қаласы. Петропавловск қаласынан Астанаға дейін ара қашықтық – 491 км. Облыста 13 ауылдық аудан және 4 қала типтес кенттер  (Петропавловсктен басқа), 202 селолық және ауылдық округтер бар.
Облыс еліміздің жетекші аграрлы өңірлерінің бірі болып табылады және ауыл шаруашылық өнімінің үлесі бойынша республика көлемінде Қостанай облысынан кейінгі (15,8%)2 орынды (14,6%) алады. Өңірдің ЖӨӨ құрылымындағы ауыл шаруашылықтың меншікті салмағы 34,6%, ал өнеркәсіптің меншікті салмағы – 10,4% құрайды. Өнеркәсіп тамақ саласымен және машина жасаумен сипатталады.

 

Солтүстік Қазақстан әкімшілігі web-сайты

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Солтүстiк Қазақстан облысының әкімі

 

 

 

 

Құмар Iргебайұлы Ақсақалов 1965 жылы туған. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инженерлерi институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1987-1989 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженерi болды.

1989-1991 ж.ж. — Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы.

1991-1992 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженерi.

1992-1993 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттiк шағын кәсiпорнының директоры.

1993-1996 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi директорының орынбасары.

1996-1998 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдiқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президентi.

1998-2002 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдiқара ауданының әкiмi.

2002-2004 ж.ж. — Қостанай облысы Таран ауданының әкiмi.

2004-2006 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы.

2006-2010 ж.ж. — Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары.

2010-2015 ж.ж. — «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

2015-2017 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары.

2017 жылдың наурызында Солтүстiк Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

 

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту