pavl

Павлодар облысы

Облыс Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағаласында орналасқан. 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы. Облыс Қазақстан Республиканың солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығысында – Новосібір облыстарымен, шығысында – Алтай өлкесімен, оңтүстігінде – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батысында – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.
Облыс Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан. Облыстың аумағы – 124,8 мың. ш. км. тең. Аймақты алып жатыр. Павлодардан Астанаға дейінгі ара қашықтық – 438 км. құрайды. Облыста 10 ауылдық аудан, 3 қала, 4 кент, 169 ауылдық округтер бар.
Облыс республиканың ірі индустриалды өңірі болып табылады. ЖӨӨ ең үлкен меншікті салмақты өнеркәсіп (39,8%) алады, ал ауыл шаруашылықтың үлесі – 5,9% құрайды.
Республиканың өңдеу өнеркәсібіндегі облыстың үлесі– 11,9% (Қарағанды облысынан кейін 2-ші орын) құрайды. Саладағы мерзім аралық өнімді (алюминий, глинозем, көмір, ферроқорытпалар, электр қуаты) шығарады. Оның меншікті салмағы 90% құрайды.

 

Павлодар облысы әкімшілігі web-сайты

Болат Жұмабекұлы Бақауов

Павлодар облысының әкімі

 

 

 

1971 жылы Павлодар облысы Железин ауданы Новокузьминка ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша, 2005 жылы Халықаралық бизнес академиясын аяқтаған.

2002 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Түрлі кезеңде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл»  мерейтойлық медальдерімен, «Облыстың дамуы үшін сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2015 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.  

Жеке меншік нысандарында басшылық қызмет атқарып, Қашыр ауданының, Ақсу және Павлодар қалаларының әкімі лауазымдарында еңбек етті.

2016 жылғы 25 наурыздан бастап Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

 

 

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту