mang

Маңғыстау облысы

Облыс Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан, бұрын Маңғышлақ деп аталған. Облыс 1973 жылы 20 наурызда Гурьев облысының оңтүстік бөлігінен құрылған. 1988 жылы таратылып 1990 жылы «Маңғыстау» деген атпен қайта облыс болып құрылды.
Әкімшілік орталығы – Ақтау қаласы. Маңғыстау облысы Каспий теңізінен шығысқа қарай Маңғышлақ (Маңғыстау) үстіртінде орналасқан. Солтүстік-шығысында Атырау және Ақтөбе облыстарымен, оңтүстігінде Түрікменстанмен және шығысында Өзбекстанмен шектесіп жатыр. Маңғыстау облысы өнеркәсіпті өңір болып табылады, мұнда Қазақстанның 25 %, шамамен 20 млн. тонна мұнай өндіріледі. Ақтау-Жетібай-Өзен атты мұнай құбыры өтеді. Батысында Каспий теңізімен ұласады, жағалаудың батысында Комсомолец, Маңғышлақ, Қазақ, Кендерлі сияқты терең  шығанақтары бар.  Каспий теңізінде Түлен (Итбалық) аралдары бар. Кең таралған сортаңдары бар солтүстік бөлігі Каспий маңындағы ойпатында орналасқан, солтүстік бөлігін Маңғыстау таулары (Бесшоқы қаласы, 556 м), Үстірт, Маңғышлақ және Кендерлі-Қаясан (оңтүстікте) шоқылары алып жатыр. Бірнеше ойпаттары теңіз деңгейінде орналасқан, соның ішінде Қазақстанның ең төменгі нүктесі  Маңғышлақ түбегіндегі Қарағия ойпаты – 132 м. Облыстың аумағы 165,6 мың. ш. км. Облыс орталығы –Ақтау қаласында орналасқан. Ақтаудан Астанаға дейін ара қашықтық – 2413 км. Облыста 5 ауылдық аудан және 3 қала, 44 ауылдық және ауылдық округтер бар.
Облыс индустриалды-дамыған өңірлер қатарына жатады, республиканың өнеркәсіптік өндірістегі облыстың үлесі жоғары және 14,4% (Атырау облысынан кейін 2-ші орын) құрайды. Облыс экономикасының құрылымында көмірсутекті шикізатты өндірумен ұсынылған тау-кен өнеркәсібі басым (91,9%). Өңдеу өнеркәсібі метталлургиямен және металдан жасалған дайын бұйымдармен, машина жасаумен және химиялық өнеркәсіппен сипатталады.

 

Маңғыстау облысы әкімшілігі web-сайты

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов

Маңғыстау облысының әкімі

 

 

 

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамыр күні дүниеге келді. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (1988 ж.). ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдады (1994 ж.). Заң ғылымдарының кандидаты. Саясаттану ғылымдарының докторы.

1988-1991жж. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында оқытушы болып қызмет етті. 1991-1994 жж. – ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты. 1994-1996 жылдары  ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін Қазақ гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультетінің аға оқытушысы, декан орынбасары қызметтерін атқарды. 1997-1999 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінің Халықаралық құқық факультетінің деканы болды. 1999-2001 жж. Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің Құқық және мемлекеттік қызмет институты филиалының директоры, кейіннен осы институттың директоры болып еңбек етеді. 2001-2006 жылдары  Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2008-2017 жылдары Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі хатшылығының меңгерушісі болып қызмет етті.

2017 жылдың наурыз айының 14-нен бастап Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. 

 

 

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту