Қызылорда облысы

Облыс Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Әкімшілік орталығы – Қызылорда қаласы.
Облыс 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған. 1997 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыс атауының орыс тіліндегі транскрипциясы «Кзыл-Ординская» – «Кызылординская» болып өзгертілген.  1967 жылғы 21 тамызда Қызылорда облысы Ленин орденімен марапатталған.
Облыстың аумағы 226 мың. ш. км. құрайды. Қызылордадан Астанаға дейін ара қашықтық  - 1930 км. Облыста 7 селолық аудан және 3 қала, 2 кент, 143 ауылдық округтер және 2 кенттік окугтер, 263 ауылдық елді мекендер бар.
Облыс елдің индустриалды өңірлерінің қатарына кіреді, экономика құрылымындағы өнеркәсіп 50% құрайды. Бұл ретте, өндіріс құрылымында елеулі үйлеспеушілік байқалып жатыр: тау-кен өнеркәсібін өңдеу өнеркәсіпке қарағанда басым:  тиісінше 93,3%  және 4,9%.
Облыс қайнатпа тұзының, кварц құмының, балық бұйымдарының ірі және күріштің жалғыз өндірушісі және жеткізушісі болып табылады. Республика бойынша өдірістің жалпы көлемдегі облыстың үлесі 90%  күріш өндірісі, қайнатпа тұзы 70%  құрайды.

 

Қызылорда облысы әкімшілігі web-сайты

Көшербаев Қырымбек Елеуұлы

Қызылорда облысының әкімі

 

 

1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. Қазақ. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша (1978), КОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (1991) бітірген, саясаттанушы.

Саяси ғылымдар докторы (халықаралық қатынастар). 50-ден астам ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы.

1978 жылдан – Қызылорда қаласындағы «Главриссовхозстрой» ЖМК-112 инженері, өндірісті дайындау тобының бастығы.

1979 жылдан – Бүкілодақтық екпінді комсомолдық құрылыс – Қызылорда облысы күріштік инженерлік жүйесі штабының бастығы.

1981 жылдан Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті екпінді құрылыстардағы комсомол ұйымдары секторының меңгерушісі.

1982 жылдан – Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің жауапты ұйымдастырушысы (Алматы қаласы).

1983 жылдан – Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы.

1986 жылдан – Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары (Алматы қаласы).

1987-1988 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі.

КОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1988-1991) бітіргеннен кейін 1991 жылдан бастап Қазақ ССР Президенті Аппаратының Мәдениет және ұлтаралық қатынастар референтурасының референті болды.

1991 жылдан – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі.

1994 жылдан – Алматы қаласындағы Калинин ауданының әкімі.

1995 жылдан – ҚР Министрлер Кабинеті Аппараты басшысының орынбасары – ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

1995 жылдан – ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары – аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі.

1996 жылдан – ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы – Баспасөз қызметінің жетекшісі.

1997 жылдан – ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі.

1999 жылдан – ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі.

1999 жылдан – ҚР Білім және ғылым министрі.

2000 жылдан – Батыс Қазақстан облысының әкімі.

2003 жылдан – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы, оған қоса Финляндия мен Армениядағы төтенше және өкілетті елшісі.

2006 жылдан 2011 жылғы желтоқсанға дейін – Маңғыстау облысының әкімі.

2012 жылғы шілде-қыркүйек айларында - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2012 жылдан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

2013 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен  Қызылорда облысы әкімінің қызметіне тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2015),ІІ дәрежелі «Барыс» (2009),«Парасат» (2003), «Достық» (РФ, 2006) ордендерімен, медальдарымен марапатталған.

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту