Қостанай облысы

Облыс Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Әкімшілік орталығы – Қостанай қаласы. Аумағы 196 мың. ш. км. тең. Облыс республиканың 4 басқа облыстарымен шекераласуда (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облысы) және Ресей Федерациясының 3 облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған).
Қостанайдан Астанаға дейін ара қашықтық – 760 км. Облыста 16 ауылдық аудан және 5 қала, 3 қалалық жер кенттері, 5 ауылдық жер кенттері, 250 ауылдық және ауылдық округтер бар. Облыс елдің индустриалды-аграрлық өңіріне жатады және  ауыл шаруашылық өнімді шығару үлесі бойынша республикада 1-ші орынды (15,8%), ал өнеркәсіп өнімінің үлесі бойынша 10-шы  орынды 3,4% алады.
Өңірдің ЖӨӨ құрылымындағы ауыл шаруашылықтың меншікті салмағы 22,9%, өнеркәсіптің меншікті салмағы – 22,1% құрайды. Облыс асбестті, теміркен шөкемтастарды және темір кендерін өндіру бойынша көшбасшы болып табылады.

 

Қостанай облысы әкімшілігі web-сайты

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов

Қостанай облысының әкімі

 

 

1972 жылы туған. Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген. Мамандығы бойынша - инженер-электрик, қаржы бакалавры.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласының коммерциялық құрылымдарында бастаған. Ақтөбе облысының сыртқы-экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының бастығы, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік директоры, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі қызметтерін атқарды.

2011 жылғы 22 шілдесінен осы уақытқа дейін Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарған.

2015 жылғы қыркүйек айынынан бастап Қостанай облысының әкімі.

 

 

 

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту