Қарағанды облысы

Облыс Қазақстан Республикасының орталығында, Еуразия континентінің қақ ортасында орналасқан, Солтүстік Мұзды және Үнді, Атлантикалық және Тынық мұхаттарынан тең болып қашықтатылған.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысы аумағы және минералды шикізатқа бай өнеркәсіп қуаты жағынан ең ірі облыс болып табылады. Облыста Қазақстанның барлық тұрғындарының жүзден он бөлігі тұрады.
Солтүстігінде Ақмола облысымен, солтүстік-шығысында Павлодар обласымен, шығысында Шығыс-Қазақстан облысымен, оңтүстік-шығысында Алматы облысымен, оңтүстігінде Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан және Қызылорда облыстарымен, батысында Ақтөбе облысымен және солтүстік-шығысында Қостанай облысымен шектеседі.
Облыс республиканың орталық бөлігінде орналасқан. Облыстың аумағы 428 мың. ш. км. құрайды. Әкімшілік орталығы – Қарағанды қаласы. Қарағандыдан  Астанаға дейін ара қашықтық – 196 км. Облыста 9 селолық аудан және 11 қала, 10 кент, 192 селолық әкімшіліктердің құрамындағы 421 ауылдық елді мекендер бар.
Облыс дәстүрлі түрде елдің маңызды индустриалды округі болып табылады. Республиканың өнеркәсіп өндірістегі облыстың үлесі жоғары және  8,9% (Атырау және Маңғыстау облыстарынан кейін 3-ші орын) құрайды. Облыстық өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу өнеркәсібі басымды болады (81%). Облыс өнеркәсібінің жетекші салалары тау-металлургиялық кешен (соның ішінде қара және түсті кендерін, бағалы және сирек кездесетін металдарды өндіру, сонымен қатар, қара және түсті металлургия және металды өндіру), көмір өнеркәсібі, машина жасау, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп, құрылыс материалдарды шығару болып табылады.

 

 Қарағанды облысы әкімшілігі web-сайты

Ерлан Жақанұлы Қошанов

Қарағанды облысының әкімі

 

 

1962 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін Жезқазған тау-кен – металлургиялық комбинаты кен байыту фабрикасының слесарі, мастері болып жұмыс істеді.

1988-1990 жж. – Қазақстан ЛКЖО Жезқазған обкомының жұмысшы және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, жастардың әлеуметтік-экономикалық проблемалары бөлімінің меңгерушісі.

1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төраға орынбасары. 

1995 ж. - Жезқазған облыстық сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы.

1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. 

1999-2001 жж. – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі.

2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі.

2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі. 

2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы. 

2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі өкілі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі.

2012 жылғы 2 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалды.

2017 жылдың 14 наурызынан бастап Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.

«Парасат» (2013), «Құрмет» (2007) ордендерімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Қазақ, орыс, неміс тілдерін меңгерген. 

 

 

 

 

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту