Алматы облысы

Аймақ Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Облыс 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1992 жылға дейін Алматы облысы деген атауы кең қолданылған, ал облыстың астанасы Алматы қаласы болған. 2001 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Алматы облысының облыс орталығы Алматыдан Талдықорған қаласына ауысқан болатын. Облыс тұрғындарының саны – 1 692 951 адам (2010 жыл).

Алматы облысы Қазақстанның келесі өңірлерімен: батысында – Жамбыл облысымен, солтүстік-батысында – (Балқаш өзені бойымен) Қарағанды облысымен, солтүстік-шығысында Шығыс-Қазақстан облысымен шектеседі. 1992 жылы облыстың құрамына бір кездері Алматы облысынан солтүстікке қарай орналасқан бұрынғы Талдықорған облысы кірген. Шығысында Қытай Халық Республикасымен (ШҰАА),  оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен (Шу және Ыстықкөл облыстарымен) шектеседі. Облыстың күрделі географиялық сипаттамасы және алуан-түрлі бедері бар.

Облыстың аумағы – 223,9 мың. ш. км. құрайды. Облыс орталығы – Талдықорған қаласы. Талдықорғаннан бастап Астанаға дейін ара қашықтық  – 1505 км. Облыста 16 селолық аудан, 3 облыстық және 7 аудандық мақсаттағы қала, 1 кент, 759 ауыл, 1 кенттік және  251 селолық округтер бар.

Облыстың ЖӨӨ ауыл шаруашылық пен өнеркәсіптің үлестері тең. Жетекші сектор – аграрлық сектор болып табылады және 14,0% көлемінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімін береді.

Өңір экономикасының аграрлық бағыты – облыстың өңдейтін өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 45,4% тамақ өнімдерін құрайды.

 

Алматы облысы әкімшілігінің web-сайты

Амандық Ғаббасұлы Баталов

Алматы облысының әкімі

 

 

 

1952 жылы 22 қарашада Өзбек КСР-ның Нүкіс қаласында туған.

1975 жылы «Инженер-гидротехник» мамандығы бойынша Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын бітірген.

Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген құрылысшысы.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт қайраткері, волейболдан спорт шебері.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Құрмет» орденімен, «Астана» естелік медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Еңбек жолын 1975 жылы «Казглавселезащита» жобалау-іздестіру бюросының аға инженері лауазымында бастаған.

1977-1981 жылдары Қазақ КСР Автомобиль жолдары министрлігінде жұмыс істеген, Алматы қаласындағы облысаралық жылжымалы механикаландырылған колоннасының прорабы, аға прорабы болған.

1981-1985 жылдары «Алматаотделстрой» тресінің 37-ҚМБ-ның аға прорабы, бас инженері, басшысы болып істеген.

1985-1987 жылдары – Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы, құрылыс және құрылыс материалдары өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіподақ ұйымы облыстық комитетінің хатшысы, Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитеті құрылыс және қала шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы.

1987-1989 жылдары - Құрылыс және құрылыс материалдары өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіподақ ұйымы облыстық комитетінің төрағасы.

1989-1992 жылдары - Қазақ КСР Министрлер кеңесі Іс басқармасының құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсібі бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, Қазақ КСР Президенті аппаратының құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсібі бөлімінің референті.

1992 жылы «Құрылыс индустриясы және технологиясы» концернінің вице-президенті болып істеді.

1992-1994 жылдары Алматы қаласының Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, одан кейін бірінші орынбасары болып тағайындалған.

1994-2001 жылдары Алматы қаласының Ленин аудандық әкімшілігінің басшысы, одан кейін – Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі.

2001 жылдан 2008 жылға дейін - Алматы облысы әкімінің орынбасары.

2008 жылдан 2014 жылдың 20 тамызына дейін – Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2014 жылдың 20 тамызынан бастап – Алматы облысының әкімі.

Өзге қызметтері:

Қазақстан Республикасы Волейбол Федерациясының вице-президенті, Алматы облысы және Алматы қаласының Волейбол Федерациясының президенті.

Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің Бақылау кеңесінің төрағасы.

 

 

 

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту