aktubinsk1

Ақтөбе облысы

Аймақ Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан. Қарағанды облысынан кейінгі территориясының ауданы бойынша елімізде екінші орынды алады.

Қазақстанның алты облысымен шектесіп жатыр. Өзбекстан құрамындағы бір республикамен және Ресейдің бір облысымен шектеседі:

солтүстігінде – Ресей Федерациясының Орынбор облысымен
солтүстік-шығысында —Қостанай облысымен
оңтүстік-шығысында — Қарағанды және Қызылорда облыстарымен
оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен
оңтүстік-батысында — Маңғыстау облысымен
батысында — Атырау облысымен
солтүстік-батысында — Батыс- Қазақстан облысымен шектесіп жатыр.

Ақтөбе облысы Еуропа және Азияның арасында орналасқан. Олардың шекаралары Оралдың оңтүстік тау тарамдары – Мұғаджар таулары болып табылады.

Аумағы – 300,6 мың. ш. км. құрайды. Облыс орталығы – Ақтөбе қаласы болып табылады. Ақтөбеден Астанаға дейін ара қашықтық – 1678 км. Облыста 12 ауылдық  аудан, 8 қала, 142 ауылдық  әкімшіліктер және 410 ауылдық елді мекендер бар.

Ақтөбе облысы елдің индустриалды-дамыған өңірлерінің біріне жатады. Республиканың өнеркәсіптік өндірістегі меншікті салмағы - 7,6% (5-ші орын) құрайды.

Облыста  экономиканың жеткілікті диверсифицирленген құрылымы бар.  ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп басым (42,9%). Ол мұнай өндіруші өнеркәсіп, қара металлургия және машина жасау кәсіпорындарымен ұсынылады.

Ақтөбе облысы әкімшілігі web-сайты

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев

Ақтөбе облысының әкімі

 

 0101

 Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында 1953 жылы туылған. 1977 жылы жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбек жолын Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысынан бастады (1969-1971 ж.ж.); әскери қызметін өткерді (1971-1973 жж.). Институтты бітірісімен Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары (гострудсберкассы) басқармасында экономист (1977 ж.); ҚазСРО Қаржыминінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары (1977-1988 жж.); жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Бас экономика басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары (1988-1993 жж.); Президент Аппараты Бөлімі мен Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары (1993 ж.); Қазақстан Республикасы Министрлері кабинетінің Істер басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі (1994-1995 жж.) болды.
Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті Аппаратының басшысы (1995 ж.); Қызылорда облысының әкімі (1995-1999 жж.); Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі (1999-2002 жж.) қызметтерін атқарды;
Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Вице-Министрі - Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002 ж.- 2006 ж.); Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің Өкілі (2006 ж. – 2007 ж.); Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі (2007 жылдың 9 ақпаны – 2007 жылдың 27 тамызы).
2007 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымында болған.
«Құрмет» орденімен (1999 ж.), «Астана» (1998 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.) медальдарымен марапатталған.

2009 жылғы 4 наурызда Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2014 жылдың қарашасынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту