Ақмола облысы

Облыс Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Облыстың ортасында облысқа әкімшілік түрде жатпайтын Қазақстанның астанасы – Астана қаласы орналасқан. 1999 жылдан бастап әкімшілік орталығы Көкшетау қаласы (Кокчетав) болып табылады.

Батысында – Қостанай, солтүстігінде — Солтүстік-Қазақстан, шығысында — Павлодар және оңтүстігінде — Қарағанды облыстарымен шекаралас.

Облыс ұзақ мерзімді экономикалық байланыстары орныққан Орал, Түмен, Томск, Омск және Новосибирск облыстары сияқты Ресейдің дамыған өңірлеріне жақын орналасқан. Қазіргі кезде жаңа экономикалық байланыстар орнатылуда. Қазақстанның шекаралас өңірлерімен экономикалық байланысы әрі қарай дамуда. Облыс шығарылатын өнімді өткізу нарығын кеңейту тенденциясын сақтайды. Ақмола облысы аграрлық-өнеркәсіптік өңір болып табылады.
Аумағы – 146,2 мың. шаршы. км. құрайды. Облыста 17 аудан және 10 қала, 5 кенттік округ, 236 селолық және ауылдық округтер бар.

Облысты мамандандырудың негізгі  саласы ауыл шаруашылық өнімін өндіру және қайта өңдеу болып табылады. Ауыл шаруашылық өнімінің  жалпы республикалық көлеміне қатысты облыстың үлесі – 13% (4-ші орын), ауыл тұрғындарының жоғары пайызы – 54,8% құрайды.
Облыстың ауыл шаруашылығының салалық құрылымында өсімдік шаруашылығы басым – 76%, соның ішінде астық өндіру – 56,8% құрайды.

Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп 13,2% құрайды және уранды, құрамында алтын бар кен өндіру, машина жасау, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп, құрылыс материалдарын шығару түрінде орын алады.

Жердің жоғары табиғи құнарлылығы бар ауыл шаруашылығы алқаптарының болуы облыстың астық мамандануын айқындайды. Ол республикалық астық өнімі көлемінің 1/5 бөлігінің астамын, оның ішінде жоғары сапалы бидайдың 1/4  бөлігін өндіріп шығарады.

Ақмола облысы әкімшілігі web-сайты

Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин

 Ақмола облысының әкімі

 

 

Мәлiк Кеңесбайұлы Мырзалин, 1971 жылы туған, бiлiмi жоғары, Москва мемлекеттiк халықаралық қатынастар институтын бiтiрген. Саяси ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Орталық және жергiлiктi органдарда жұмыс iстеу тәжiрибесi бар. 1995 жылдың қазанынан 2004 жылдың қаңтарына дейiн ҚР СIМ жүйесiнде iстеген. 2004 жылдың қаңтары 2006 жылдың сәуiрi аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы болып iстедi. 2006 жылдың сәуiрнен бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары, 2007 жылдың наурызынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары лауазымдарын атқарды. 2008 жылдың қарашасынан 2009 жылдың желтоқсанына дейiн «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2010 жылдың сәуiр-мамыр айларында — «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ президентiнiң кеңесшiсi болып iстедi. 2010 жылдың мамырынан 2011 жылдың тамызына дейiн Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы аппаратының басшысы лауазымын атқарды. 2011 жылдың тамызынан бастап 2013 жылдың шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң жауапты хатшысы болды. 2013 жылы шiлдеде Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқарушысының орынбасары, кейiн 2017 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқарушысының бiрiншi орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылдың наурызынан берi Ақмола облысының әкiмi лауазымын атқарады.

«Құрмет» орденiмен, «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен наградталған.

 

 

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту