astana

 

 

Астана қаласы

Астана – Қазақстан Республикасының елордасы. Қаланың аумағы 0,7 мың шаршы километрге тең, Ақмола облысымен шектесіп жатыр. Әкімшілік – аймақтық бөліну бойынша қала үш ауданға бөлінеді: Алматы ауданы, Сарыарқа ауданы және Есіл ауданы.
Қала экономикасының негізін келесі құрайды: сауда, көлік және байланыс, құрылыс. Қазақстан экономикасының сауда секторының жалпы өніміне үлесі бойынша Астана республикалық маңыздағы облыстар мен қалалар арасында Алматы қаласынан кейін екінші орынды алады.
Алматы мен Астана қалаларының өңірлік жиынтық өнім Қазақстанның сауда саласының бүкіл көлемінің жартысынан астамын құрайды. Елдегі бөлшекті тауар айналымының көлемі бойынша Астана екінші орында тұр. Астана құрылыс қарқыны бойынша көшбасшы болып табылады. 2009 жылы Қазақстанда пайдалануға берген тұрғын үй жылжымайтын мүліктің бестен бір бөлігі Астанаға келді. Бес жылдан астам қалада тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру көлемі бойынша көшбасшы болып табылады.
Қала экономикасының құрылымында үлкен меншікті салмағын қызметтер секторы (республика бойынша көрсетілген қызметтер көлемінде – 11,4% (Алматы қаласынан кейін 2-ші орын), құрылыс және құрылыс материалдарының өнеркәсібі алады.

 

Астана қаласының web-сайты

ӘСЕТ ӨРЕНТАЙҰЛЫ ИСЕКЕШЕВ

Астана қаласының әкімі

 

 

 

 

1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің заң факультетін бітірген.

1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеді.

2003-2006  жылдары  Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі.

2006-2007 жылдары  «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары.

2007- 2008 жылдары  «Credit Swiss (Қазақстан)» компаниясының қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры.

2008 жылғы ақпаннан 2009 жылғы мамыр аралығында  Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі.

2009 жылғы мамырдан бастап  Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.

2010 жылдың наурызынан бастап  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қыркүйегінен  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2014 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрi болып тағайындалды.

2016 жылдың маусымынан Астана қаласының әкімі.

 

 

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту